Ақтауда қала бойынша 164 лифт істемей тұр

1060

Қаладағы лифтілердің тең жартысының істеп тұрғанына 50 жыл болған. Сондықтан, тез арада ауыстыруды бастау қажет. 

Ақтауда қала бойынша 164 лифт істемей тұр

Қала бойынша 164 лифтіні ауыстыру керек. Себебі, басым бөлігі істен шыққан және ескірген. Шаһар басшысы Ғалымжан Ниязов аппараттық жиында осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала бойынша 2002 жылға дейін салынған 180-ге жуық үйде 337 лифт бар. Стандартқа сәйкес, бір лифтінің тасымалдау мерзімі 25 жылдан аспау керек. Ал, қазір қаладағы лифтілердің тең жартысының істеп тұрғанына 50 жыл болған. Сондықтан, тез арада ауыстыруды бастау қажет.  

"Биылғы бюджеттен 309 миллион теңге бөліп, 36 лифтіні ауыстыру жоспарланып отыр. Арнайы таңдап алдық. Мысалы, кей үйлерде 2 лифтіден бар, оның біреуі істемейді. Соны жөндейміз не ауыстырамыз. Көбісі 7-9 қабатты тұрғын үйлер", - дейді қала әкімі Ғалымжан Ниязов.

Аймақ басшысы 2 жылда осыны біржақты етуді тапсырды. Бастысы - қауіпсіздік. Сондықтан, сапаға аса мән беру керек деп тапсырма берді әкім. Баға да маңызды. Осыған дейін карточкамен бір жүріс құны - 10 теңге еді, 100 жүріске мың теңге болды.  Енді тарифті түсіріп, 1 пайызға төмендету жоспарланып отыр. Сол үшін  пәтер иелері кооперативімен де келісім жүргізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу