Ақтауда қандала уынан адам өлтірген әйел сотталды

623

1976 жылы туған пәтер иесі кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Ақтауда қандала уынан адам өлтірген әйел сотталды  Фото: Elements.envato.com

Судья пәтер иесін 304-бабы 3-бөліг, яғни "Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзып, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекеті үшін соттады.                                                                       

48 жастағы әйел өткен 21 қазанда пәтерінде қандалаға улап, көршілерін ескертпей кетіп қалды. белгісіз химиялық препараттан бөлінген аммиак жоғары қабаттағы пәтерге тарап, 10 айлық және 2 жасар бала көз жұмды. Мамандар дезинфекция жасалған пәтер ішінен 39 химиялық таблетка тапқан еді.

Судья сот отырысында сотталушының бұрын сотталмағанын айтты.                                                                                  

"ҚР қылмыстық процестік кодексінің 382, 387, 390, 392, 393, 395, 398, 401, 402, 404 баптарын басшылыққа алып сот үкім етті. ҚК 304-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, осы бап бойынша 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын ҚК 46-бабы 5-бөлігі 1-тармағына сәйкес қылмыстық атқару жүйесі барынша төмен мекемеде өтеу белгіленсін.

Бұлтартпау шарасы ретінде қолданылған үй қамақ бұзылсын. Сот залынан қамауға алынсын. Жаза өтеу мерзімі үкім жарияланған күннен, яғни 18 қаңтар 2024 жылдан бастап есептелсін. Жәбірленушілердің өтемақы қорының пайдасына 51 750 теңге өндірілсін. Процестік шығын мемлекет пайдасына 1 839 565 теңге өндірілсін. Үкім жарияланған күннен бастап 15 тәулік ішінде апелляциялық шағым түсіруге құқылы", - деді Ақтау қалалық сотының судьясы Ақмарал Хасенова.                                                                                                                                                                             

Айта кетейік, тексеріс жүргізген санитар мамандар пәтер иесінің химиялық препаратты Алматының қара базарынан алғанын айтқан болатын. Ақтаудың санитарлық эпидемиологиялық станса мамандары пәтерді өз бетінше улауға болмайтынын, тек арнайы мамандардың қызметіне жүгіну керек екенін ескертеді. Сот үкімімен марқұм болған балалардың отбасы да келісті.                                                                                                                       

"Сот шешімі әділ болды. Ешқандай шағымым жоқ. Өзім жұмыста болғандықтан онлайн қатыстым. Біреуге артық сөз айтқым келмейді. Біздің отбасымызға оңай емес. Сотталушыға да арызым жоқ. Шешіммен толық келісемін",- дейді отағасы  Жанболат Кемелдинов.                                                                                                                                                                                   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу