Дәрігерлер есінен танып құлаған әйел мен оның 2 баласын жедел ауруханаға жеткізіп, ажалдан аман алып қалған, деп хабарлайды КТК.
Юлия Смирнованың айтуынша, әуелі үйдегі асыранды екі егеуқұйрық өліпті. Артынша иті мен екі мысығын таза ауаға шығарып әрең құтқарып қалған. Қазір денсаулығы жақсарған әйел 11 жастағы қызымен бірге ауруханадан шықты.
Оқиғаның мән-жайын тексерген полицейлер көршісінің базардан сатып алған дәрімен қандаланы өз бетінше улағанын анықтаған.
Естеріңізге салсақ, Ақтауда мұндай оқиға бірнеше рет қайталанып отыр. Өткен аптада ғана тәртіп сақшылары 50 адамды уланудан сақтап, қауіпсіз жерге көшірген болатын. Осы уақытқа дейін аймақта қандаланы улаудың кесірінен 5 адам қаза тапса, оның 4-і бала. Ал, соңғы төтенше жағдайдан зардап шеккен 3 адамның бірі әлі аруханада жатыр.
"2007 жылы дүниеге келген бала химиялық улану диагнозы бойынша облыстық балалар ауруханасына түсті. Қазір ол соматикалық бөлімшеде жатыр. Жағдайы тұрақты әрі дәрігерлердің бақылауына алынған", – дейді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының бапсөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев.