Ақтауда қаңғыбас иттер адамға шабуыл жасауда

433

Көбінесе теңіз жағасында иесіз иттер демалушыларға маза берер емес

Ақтауда қаңғыбас иттер адамға шабуыл жасауда Фото: лада.кз

Қала тұрғындарының айтуынша, салынып жатқан танхаустар мен "Маракеш" жағажайының жанындағы тұрғын үйдің жанында күн сайын қаңғыбас иттер жиналып, демалушылардың мазасын алады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Теңіз жағасында тынығуға келген отбасы осы жайттың куәсі болған.                                                                                           

"Иттер шабуылы күтпеген жерден болды. Демалушы қыз қорқыныштан айқайлай бастады. Бетін қолымен жауып, жерге отыра кетті. Жақын жерде спорт алаңында жаттығып жатқан жігіт көмекке келіп, иттерді қуып, қорғап қалды. Қыз шошып кетті. Ол оны жолға дейін шығарып, таксиге отырғызып жіберді", - дейді қала тұрғыны Нұрбек Абилов.                                                   

Өткен аптада жергілікті тұрғындар осы иттердің екі балаға шабуыл жасамақ болғанына куә болған еді. Ол кезде қаңғыбас иттерден ата-аналары қорғап қалған екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу