Ақтауда қаржы пирамидасына қатысқан екі адам сотталды

830

Алаяқтық топтың әрекеті толықтай дәлелденген.  

Ақтауда қаржы пирамидасына қатысқан екі адам сотталды

Ақтауда қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына қатысты сот үкімі шықты. Ол бойынша әзірге екі адам сотталды, ал ұйымдастырушы әлі қашып жүр, оған халықаралық іздеу жарияланған, деп жазды жазды inbusiness.kz тілшісі.

Бас бостандығынан айырылғандардың бірі "PLUS CAPITAL" ЖШС қызметкері де, екіншісі – жеке нотариус. Ұйымды құрған Темірғалиев оған Құсайынды жұмысқа алады, оның міндеті – тұрғындардан құнын өтеп, жақсы пайыз беріп тұрамыз деп жылжымайтын мүлік, атап айтқанда, көлік алып отыру болған. Бұл автокөліктер одан кейін үшінші тұлғаларға рыноктағыдан төмен бағаға сатылып отырған. Осы мекемеге қызмет ететін нотариус Кушнаренко бұл процестерді жүзеге асыру үшін Темірғалиев көрсеткен адамдардың атына сенімхаттар мен келісім-шарттарды рәсімдеумен айналысады. Сот оларды Қылмыстық Кодекстің қылмыстық топ ұйымдастырды, қаржы пирамидасын құрып, жетекшілік етті, үлкен көлемде алаяқтық жасады және нотариустың өкілеттігін асыра пайдаланды деген баптары бойынша айыптады.

Заттай айғақтарды, куәлардың сөздерін тергеу, аудиторлық тексерулер нәтижесінде аталған азаматтардың кінәсі толықтай дәлелденеді. Ал сот отырысында покурор айыпталушының әрқайсысына 7 жыл кесуді сұраса, олардың адвокаты ақтау үкімін сұраған. "ҚР ҚК бойынша бірнеше қылмыстық баптарды біріктіре отырып, Құсайын 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, 7 жылға коммерциялық қызметпен айналысуға тиым салынды. Кушнаренко 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, 5 жылға нотариалдық қызметпен айналысуға тиым салынды. Сотталғандар жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі қылмыстық-атқару жүйелерінде өтейтін болады", деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, сот жекелеген жәбірленушілердің азаматтық арыз-талаптарын тексеру және бұл іске қатысы болуы мүмкін кейбір тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде қаулы шығарған.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу