Ақтауда Каспий теңізінің тартылуына байланысты төтенше жағдай жарияланды

558

Мұндай шешім төтенше жағдайдың алдын алу үшін қабылданды. Бұл туралы Ақтау әкімдігі хабарлады.

Ақтауда Каспий теңізінің тартылуына байланысты төтенше жағдай жарияланды Фото: лада.кз

Каспий теңізінің таяздығына байланысты жағдай жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялауға себеп болды. Бұл шешімді Ақтау ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссия 7 маусымда сағат 15:00-де қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қала әкімдігі жобалық-іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін осындай шаралар қабылданғанын атап өтті. 

“Қабылданған шешім "МАЭК" ЖШС жұмысына әсер етпейді, электрмен жабдықтау және сумен жабдықтау штаттық режимде жүзеге асырылады”, - деп нақтылады әкімдік өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу