Ақтауда Каспий жағалауынан заңсыз сауда нүктелері алынуда

529

Ақтау қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, әкімдік қызметкерлері мен коммуналдық мекемелер бірлесіп, 9 А, 14 А және 15 А ықшамауданында орналасқан теңіз жағалауындағы балаларға арналған көліктер, батуттар мен велосипедтерді жағалаудан шығару жұмыстарын бастады.

Ақтауда Каспий жағалауынан заңсыз сауда нүктелері алынуда Фото: Ақтау қаласы әкімдігі

Сондай-ақ олар заңсыз орналасқан сауда нысандарын бөлшектеуге кірісті.

"Біз бірнеше рет заңсыз павильондарды алып тастау, сондай-ақ балалар ойнайтын аттракциондарды жағалаудан шығару туралы жазбаша ескертулер бердік. Алайда, кәсіпкерлер Заңға бағынбай, жұмыстарын жалғастыра берді. Қазір заң аясында павильондар мен өзге де құрал-жабдықтарды алып тастау жұмыстары басталды. Бұл заңсыз әрекет жағалаудың көркін ғана бұзбай, қауіпсіздікке де әсер етеді. Өйткені бұл кәсіпкерлер балалардың қауіпсіздігіне жауап бермейді", – дейді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Ербол Жұмағазин.

Мамандардың айтуынша, бүгінде жағалауда шамамен 35 кәсіпкер заңсыз жұмыс істейді. Маусым мен мереке қызған кезде бұл көрсеткіш 55 адамға жетеді.

Қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде халықтың басым бөлігі теңіз жағалауындағы кәсіпкерлікке қарсы екені анықталған. Бұл орындарда кәсіп жасап келген тұлғаларға ұсыныс ретінде "Ақбота" саябағы мен бұрын меморандум жасалған сауда базарларының аумағына көшу ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу