Ақтауда катер жартасқа соғылып, 2 адам опат болды

334

Қайғылы оқиға 30 тамыз күні болған.

Ақтауда катер жартасқа соғылып, 2 адам опат болды Фото: Видеодан скриншот

Ақтау қаласының Каспий теңізі акваториясында катер жартасқа соғылып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 30 тамыз күні болған. Ақтау қаласының Каспий теңізі акваториясында бортында 7 адам болған катер жартасқа соғылып, салдарынан 2 адам қаза тапты.

Өңірлік ТЖД хабарлауынша, оқиға туралы хабарлама сағат 22:56-да келіп түскен. Катер 5А шағын ауданында жартасқа соқтығысқан.

"Құтқару операциясы кезінде бес адам жағаға жеткізіліп, медицина қызметкерлеріне табысталды. Катерде болған тағы екі адамның, алдын ала дерекке сәйкес, құтқару кеудешелері болмаған. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында жағадан шамамен 500 метр жерде құтқарушылар екі адамның денесін судан тауып, шығарды", – делінген хабарламада.

Құтқару операциясына ТЖД 35 қызметкері, төрт бірлік техника және төрт жүзу құралы жұмылдырылды. Сонымен қатар, оқиға орнында полицияның 10 қызметкері, төрт бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері және бес жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмыс істеді.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу