Ақтау қаласындағы 3-шағын ауданда балабақшаның шатыры жақын жерде тұрған алты көлікке опырылып түсті. Бұл туралы inbusiness.kz сайты lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресми мәліметке сәйкес, оқиға салдарынан алтыға жуық көлік зақымданды. Полицияның хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ.
Қала тұрғындары әлеуметтік желіде оқиғаның салдары түсірілген видеоларды бөлісіп жатыр. Көліктерді кім қалпына келтіретіні әзірге белгісіз.
Қазіргі таңда, оқиға орнына жедел жәрдем құтқарушылары келді. Жаңа деректер қолжетімді болған сайын ақпарат толықтырылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу