Ақтауда қазақ-неміс инжиниринг институты ашылады

879

Жаңа институт Ақтаудағы Есенов университетінің базасында ашылады.

Ақтауда қазақ-неміс инжиниринг институты ашылады

Институтқа биылғы жаңа оқу жылынан бастап логистика және энергетика мамандықтары бойынша студенттер қабылданады. Жоспар бойынша 2030 жылға дейін облыстағы жасыл сутек өндіретін "Hirasya One" жобасына мыңнан астам қажетті кадр даярланады. 

Білім беру ағылшын, неміс тілдерінде жүзеге асырылады. Ал студенттерде бакалавриат бойынша 8 мамандықты, магистратура бойынша 6 мамандықты оқу мүмкін болмақ. Университетті бітірген түлектер қос дипломға және үш дипломға ие болады. 

Институт Yessenov University бастамасымен құрылған неміс университеттері ортақ консорциумы нәтижесінде құрылғалы отыр. 

"2022 жылы білім, ғылым саласындағы білікті мамандарды даярлау бойынша қазан айында басталған процесс нәтижесінде немістің 7 университетімен консорциум құрылды. Негізгі мақсат Маңғыстау өңіріне қажет мамандарды Yessenov University қабырғасында оқыту. Яғни, студенттер шетелге шықпай-ақ, халықаралық университеттердің ақтаулық филиалында білім алатын болады. Бұл өз кезегінде әлемдік бәсекелестікке қабілетті мамандар легін қалыптастырады", - дейді Yessenov University президенті Берік Ахметов. 

Сонымен қатар, Ақтауға шетелдік университеттер филиалдарын әкелу өңір экономикасы үшін де тиімді болмақ. Бұл өз кезегінде облыстың жалпы ішкі өнім деңгейін еліміздің басқа өңірлерінен және бөлек мемлекеттерден келген студенттер нәтижесінде көтеруге мүмкіндік жасамақ. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу