Ақтауда қазақ-неміс инжиниринг институты ашылады – Тоқаев

486

Немістің озық технологиясы мен тәжірибесі негізінде кәсіби мамандар дайындау қажет. 

Ақтауда қазақ-неміс инжиниринг институты ашылады – Тоқаев Фото: ҚР СІМ

Ақтауда қазақ-неміс инжиниринг институты ашылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Мемлекет басшысы Германия Президентіне елімізге арнайы сапармен келгені үшін ризашылығын білдірді. 

"Бұл сапар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беретіні сөзсіз. Біз бүгін Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер  мырзамен келіссөздер жүргіздік. Екіжақты байланыстарды нығайту жолдарын талқыладық. Сондай-ақ өзекті халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмастық. Биыл Қазақстан мен Германия арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 31 жыл толды. Осы уақыт ішінде жоғары деңгейдегі саяси диалог қалыптасты. Өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық қарқынды дамуда. Мәдени-гуманитарлық байланыстардың аясы кеңейді. Серіктестікті жандандыру үшін әлеуетіміз мол екенін атап өткім келеді. Атап айтқанда, Маңғыстаудағы жасыл сутегін өндіруге арналған бірлескен жобаның маңызы зор", - деді ол Ақордада өткен баспасөз мәслихатында.

Президенттің айтуынша, немістің озық технологиясы мен тәжірибесі негізінде кәсіби мамандар дайындау қажет. 

"Ақтауда қазақ-неміс инжиниринг институты ашылады. Бұл жобалар екі елдің студенттері мен мамандары арасында тәжірибе алмасуға жол ашады. Экономиканы, өндіріс саласын білікті кадрлармен қатамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу