Қазақстан полициясының құрылғанына 25 жыл толуына орай Ақтау қаласында үлкен флешмоб өтті. Оған құқық құрылымы және құтқарушы қызметкерлермен қатар, балалар мен студенттер де қатысты. Бұл туралы kaz.365info.kz хабарлайды.
Флешмобты сахналауға Каспий теңізі жағалауы таңдап алыныпты.
Сүңгуірлер полиция эмблемасы бар үлкен баннерді теңіздің ортасына алып шықты. Ал теңіз мектебінің түлектері жағада 25 жыл деген жазуды түзді. Үлкен яхтада полицейлер ән салып, ұрандап, 50 көгершінді ұшырды.
Жалпы, мерекелік бұл шараға 350 адам қатысқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу