Ақтауда көгалдандырумен айналысатын мамандар дайындау керек – сарапшы

889

Қазақстандағы кедейлік мәселесін шешу үшін өңірлердегі өзекті мәселерді қарастырып, мамандарды даярлау мәселесіне назар аудару керек. Бұл туралы "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ ТДМ жөніндегі хатшылық директоры Бақытгүл Хамбар айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ақтауда көгалдандырумен айналысатын мамандар дайындау керек – сарапшы

Оның пікірінше, кедейлік халықтың табысымен байланысты.

"Біріншіден, ұсыныстар халықтың табысын арттыруға байланысты болады. Екіншіден, мамандықтар, яғни орта кәсіптік білім беруге қатысты. Сондықтан негізгі мамандық түрлерін уақыт талабына сай қайта қарау керек", – деді Бақытгүл Хамбар ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ол Маңғыстау облысындағы жұмыссыздық пен кедейлік мәселесін қалай шешуге болатынын айтты.

"Мысалы, батыс өңірінде Ақтауда көгалдандыру мәселесі өте өзекті болып саналады. Бұл облыстағы әріптестеріміз "кедейшілікті жою үшін Үкіметтен халықтың табысын көтер, базалық табысты көтеруге назар аудару керек демейміз. Облыстағы колледждерде неге көгалдандырумен айналысатын мамандарды дайындамасқа, курстар ашпасқа?" деген ұсыныстарын айтты. Демек бұл мәселе өзекті болып тұр ғой...", – деді директор.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу