Ақтауда қолға түскен арыстан Алматы зоопаркіне барады

843

Оған "Snow Leopard Foundation" қоры жабық қоршау салып бермек.

Ақтауда қолға түскен арыстан Алматы зоопаркіне барады

Өткен 25 маусым күні Ақтау қаласына жақын маңдағы Ақшұқыр ауылында емін-еркін жайылып жүрген арыстанның ұсталып, қамалғаны жөнінде жазған болатынбыз. Қолға үйретілген 1,7 жастағы Симба одан кейін карантиннің кесірінен осы қалада уақытша қалып қойған Ресей циркіне тапсырылған еді. Белгілі болғандай, арыстанның иесі оны кері алудан бас тартқан, ал жақын арада елдеріне кетуге жиналып жатқан цирк "өздеріндегі жолбарыстар мен арыстанның бір-біріне үйреніспегенін" айтып, алып кете алмайтынына өкініш білдірген. Арыстанға байланысты түсінік берген ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет оны ұйықтатып өлтіретіндігі жөніндегі алыпқашпа әңгімелерді теріске шығарған болатын.

Енді "Snow Leopard Foundation"  қорының негізін қалаушы Нұралы Әлиевтің Алматы зоопаркінен Симбаға арнап жабық қоршау жасақтап беретіні белгілі болды.

"Қор өкілдері зоопарк директоры Сейілхан Ақылбековтің "Алматыда үш жұптан тұратын алты арыстан бар, тағы бір арыстанды ұстайтын жеріміз жоқ" деген сөзін негізгі алды", – деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Нұралы Әлиевтің өзі Инстаграм парақшасында Симбаның жай-күйі жайлы аянышпен оқып, көмектесуге бел буғанын жазып, "жаңа үйінің" оған ұнайтынына сенім білдіреді.

Құралай Қуатова,

Маңғыстау облысы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу