Ақтауда көлік тонаумен айналысқан қылмыстық топ қолға түсті. Бұрын сотталған жұмыссыз үш азамат ақпан-наурыз айларында 43 көліктің терезесін сындырып, салондағы дүниелерді жымқырған.
Осылайша оңай олжаға кенелмек болған баукеспелер заңсыз іс-әрекетін бейнебақылау камералары мен көше шамы жоқ үйлер маңында жүзеге асырып келген. Сотқа дейінгі тергеу кезінде күдіктілердің аз қамтылған отбасы мүшелері екені анықталды. Олар қылмысқа күнкөріс қамымен барғандығын түсіндірген. Қазір бүлінген көлік иелеріне келтірілген шығын есептеліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу