Ақтауда көлік жөндеу орталығында 6 газ баллоны жарылды

926

Бүгін кешкі сағат 18.20-да Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар қызметіне 29а шағын ауданындағы көлік жөндеу орталығында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Ақтауда көлік жөндеу орталығында 6 газ баллоны жарылды

Өрт кезінде 6 тұрмыстық газ баллоны жарылды.

Өрт сөндірушілер апатты жою барысында өмірге қауіп төндіретін тағы 17 газ баллонын шығарған.

Өрт сағат 18.48-де сөндірілді. Жалын 50 шаршы метр.аумақты шарпыған.

Оқиға салдарынан күзетші бір әйел қайтыс болды. Күйік шалған тағы үш ер адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылды.  

Тілсіз жауды тоқтатуға 25 өрт сөндіруші-құтқарушы қатысып, 6 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу