Ақтауда контрабандалық жолмен әкелінген 1 млн қорап темекі анықталды

Құжатта шылым емес, жарықдиодты шамдар көрсетілген.  

Ақтауда контрабандалық жолмен әкелінген 1 млн қорап темекі анықталды Фото: new-retail.ru

Заңсыз әкелінген тауарды Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мен өңірдің экономикалық тергеулер бөлімі анықтады.

Ақтау теңіз портында Иран Ислам Республикасынан Алматы қаласына бағытталған контейнер тоқтатылды. Инспекциялық-тексеру құжатқа сәйкес жарықдиодты шамдардың орнына, 866 мың қорап темекі тасымалданған анықтады. 

Тергеу жүргізілуде, кедендік құн және кедендік төлемдер мен салықтар белгіленеді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы бойынша өзге ақпарат тергеу мүддесін үшін жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу