Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің қаптамасы құлаған

1094

Әкімдік үй сыртының қаптамасының құлауына қатты желдің әсері олған деп хабарлады.

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің қаптамасы құлаған

30-ықшамаудандағы N169 тұрғын үй ғимаратының бір қабырғасының қаптамасы таңертеңгі сағат 03: 30-да құлаған.

"Егер бұл күндіз болғанда, зардап шегушілер болушы еді. Биылғы жылдың ақпан айынан бастап бұл үй меншік иелері қауымдастығының қолына өткен және біз жауапты адамды таба алмай отырмыз. МИҚ басшылары мен қызметкерлері уәде береді, бірақ өз міндеттерін орындамайды",– дейді осы үйдің тұрғыны.

Өз кезегінде әкімдік үй сыртының қаптамасының құлауына қатты желдің әсері олған деп хабарлады. Нәтижесінде газ құбырына зақым келген. Зардап шеккендер болған жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz  lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта оқиға орнында қала әкімінің орынбасары Серік Ғұсман, әкімдіктің тиісті жауапты бөлімдері және төтенше жағдайларды басқару басқармасы, сондай-ақ мүлік иелері қауымдастығының бірлескен тобы жұмыс істеп жатыр.

Қауіптің алдын алу үшін "ҚазТрансГазАймақ" АҚ қызметкерлері газ беруді уақытша тоқтатты.

Жағдай анықталғаннан кейін құбырлар тексеріліп, қайтадан газ беріледі.

Қабырғаның сынықтарын "Ақбота" мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлері арнайы техникамен алып тастайды.

Түстен кейін мамандар қабыршақталған бөлшектерді бөлшектейді. Табылған ақаулар туралы акт жасалады.

Тұрғын үйді толықтай қайта қалпына келтіру жұмыстары қалалық әкімдіктің бақылауында болады.

 

 



 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу