Ақтауда көпқабатты тұрғын үйлерді заңсыз салған компания басшылары сотталды

97

Сот үкімімен компания басшылары 3,5 жылдан 6,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.  

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйлерді заңсыз салған компания басшылары сотталды Фото: freepik.com

Ақтау қаласында "Сұлтан", "Аққала" және "Мұрагер" көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы кезінде аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша айыптау үкімі шықты. Аталған істі Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Тергеу барысында "ИнтерьерСтройАқтау" ЖШС басшыларының құрылыс жүргізуге рұқсат құжаттары, лицензиясы және жобалық-сметалық құжаттамасы болмағанына қарамастан, 590 үлестік қатысу келісімшартын жасасқаны анықталды.

Нәтижесінде үлескерлерден заңсыз түрде 5,5 млрд теңгеден астам қаражат тартылған", - делінген ҚР ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті таратқан ақпаратта.

Сонымен бірге құрылыс жұмыстары талапқа сай жүргізілмеген және белгіленген мерзімде аяқталмаған.

1,9 млрд теңге көлеміндегі қаражат жалған құрылыс актілері арқылы қолма-қол ақша ретінде кассадан шығарылып, компания басшылығы тарапынан иемделген.

Тергеу барысында 5 жер телімі мен 47 автокөлікке тыйым салынды.

Сондай-ақ, салымшылардың талаптарын өтеу мақсатында 1,1 млрд теңге көлеміндегі мүлік тәркіленіп, өтем ретінде аударылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу