Ақтауда көпқабатты үй маңынан әйел өлі табылды

204

Белгісіз әйелдің денесін сол үйдің тұрғындары тапқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақтауда көпқабатты үй маңынан әйел өлі табылды Фото: МВД

№24 тұрғын үйдің тұрғындары әйелдің денесін 12 мамырда таңғы сағат 09:00 шамасында байқаған. Ол етпетінен жатқан.

Тоғыз қабатты үй тұрғындарының айтуынша, әйел шамамен 50 жаста көрінеді, ол бұл үйде тұрмаған және оны тұрғындар танымайды. Адамдар көмек сұраған дауысты естімеген.

Өлімнің себебі әлі белгісіз. Оқиға орнында қан ізі табылмаған. Қазір учаскелік инспектордың үй-үйді аралап тексеріп жатқаны атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу