Ақтаудағы аялдамада жасөспірім кенеттен талып қалған. Оқиға куәгерлері оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Желіде оқиғаның бейнежазбасы таралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Лада.kz" порталына сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 қараша күні 16 жастағы оқушының эпилепсиясы ұстап қалған.
Жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, кейін үйіне жіберілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу