Ақтауда бірнеше шағынаудан тұрғындары құбыр апатына байланысты ауыз сусыз қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
“Каспий жылу, су арнасы” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мәліметінше, қаланың бірнеше ауданында ауыз су жартылай өшірілген.
Мына аудандар зардап шекті:
27-шағын аудан, №2, 44, 45, 57, 53, 54, 71, 72, 74, 75, 76 ғимараттар;
16-шағын аудан, “Айсар” тұрғын үй кешені, №18 ғимарат, “Бек” мейрамханасы, бизнес орталығы және монша;
3B-шағын аудан – энергетикалық колледж, оқу орталығы;
4-шағын аудан, №1, 2, 3, 20, 21, 67 үйлер, №5 мектеп, №67А ғимарат.
“1-ден 8-ге дейінгі, 14 және 15-ші шағын аудандарда су қысымы төмендетілді”, – делінген хабарламада.