Ақтауда күдікті топтан қару-жарақ арсеналы тәркіленді

324

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақтауда күдікті топтан қару-жарақ арсеналы тәркіленді Фото: Polisia.kz

Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығында күдікті топты анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тінту кезінде ұсталған адамдардан тапаншалар, мылтықтар, 100-ден астам оқ-дәрі, пышақтар және екі магазинді “UZI” моделінің пулеметі тәркіленді.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 287-бабы “Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Тергеу мүддесінде өзге мәліметтер жарияланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу