Ақтауда күннен қуат алатын жүргінші жол құрылғысы орнатылды

1192

Ақтауда күннен қуат алатын жүргінші жол құрылғысы орнатылды

Ақтауда алғаш рет күннен қуат алатын жаяу жүргінші жолының құрылғысы орнатылды. Енді көлік жүргізушілері түн ортасында жол белгілерін алыстан-ақ анық көре алады, деп хабарлайды khabar.kz.

Ең бастысы бұл құрылғы қалалық электр желісіне тәуелді емес. Күндіз күн нұрымен қуаттанып, түнде жарық береді. Қуаты 20-30 сағатқа дейін жетеді. Жол өткеліне орнатылған бейнекамера да күннен қуат алады. Әзірге бұл кешен сынақ ретінде орнатылды. Нәтижесі жемісті болса, қала қазынасынан қаржы бөлініп, өзге де жол өткелдеріне орнатылады.

"Мен осы жолмен күнде жүремін. Дұрыс жарықтандырылмағандықтан, жүргіншіөткелі тұрмақ ондағы адамдарды әзер көретінмін. Кешелі бері жарық орнатылғанын байқадым. Түнде 100 метр жерден жүргінші жолы анық көрініп тұрады. Қаланың басқа да қараңғы жерлеріне қойылса, дұрыс болар еді", - деді Ақтау қаласының тұрғыны Сұңғат Төлебаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу