Ақтауда құны 10 млн теңге болатын заманауи аялдамалар салынды

829

Ақтауда қыста жылы, жазда салқындатып тұратын жабық, заманауи аялдама пайдалануға берілді.    

Ақтауда құны 10 млн теңге болатын заманауи аялдамалар салынды

Бұл өңірде ішінде дәретханасы бар алғашқы аялдама. Сонымен қатар көлік күтіп тұрғанда шәй ішіп, жүрек жалғауға болатын шағын дәмханасы бар. Халықтың күнделікті өмір сапасын жақсарту мақсатында кәсіпкерлермен бірлесіп аялдама салу жұмыстары биыл басталды. 

Ақтаудағы ескі аялдамаларда тұрғындарға қолайлы жағдай жасалмаған еді. Жаз мезгілінде ыстық, қыста салқын болды. Осыған орай, тұрғындарға ыңғайлы әрі кәсіпкерлерді қолдау мақсатында осы жоба іске асты. 

Жаңадан бой көтерген шағынауданда орналасқан аялдама жергілікті әкімдіктің бірыңғай эскизіне сай жеке кәсіпкерлердің қаражаты есебінен тұрғызылды. Әр аялдаманың құны – 10 млн теңге.

Қазір 3 аялдаманың құрылысы толық аяқталды. Жыл соңына дейін заманауи 7 аялдама пайдалануға берілмек. 
Сонымен қатар ескі аялдамаларды да бірыңғай эскизге сай қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу қарастырылуда.

Алмас Қылыш
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу