Ақтауда құрбандыққа шалынатын өгіз қашып кетті

1071

Ол бір ықшамауданнан екіншісіне дейін жүзіп барған.

Ақтауда құрбандыққа шалынатын өгіз қашып кетті

Ақтауда сатып алған иесінен қашып кеткен өгізді полицейлер әрең дегенде ұстап, кері қайтарған. Белгілі болғандай, оны құрбандыққа шалатын болып мал базарынан сатып алған екен. Енді көлікке тиеймін деген кезде жануар қашып кетеді. Қызық болғанда, қаладағы №4А ықшамауданының жанынан теңізге қойып кеткен өгіз №15 шағынауданға дейін жүзіп барған.

"Жануарды сол жердегі жағалаудан инспекторлар ұстап алып, иесіне тапсырды", – деп жазылған облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.

Құралай Қуатова


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу