Ақтау қаласында құрылыс компаниясы бір пәтерді бірнеше адамға сатып жіберген. Соның кесірінен ондаған отбасы 5 жыл бойы күткен баспанасынан айырылу мүмкін, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
Шарасыз қалған көпшілік заң өкілдерінің тым баяу әрекетіне наразы. Ал осы күнге дейін салымшылардан жиналған 2 млрд-қа жуық қаражат қайда кетті?
Тұрғындар "Атамекен" көппәтерлі үйден 2016-2017 жылдары баспана алғандар. Алайда, әлі күнге дейін құрылыстың тұралап қалуына байланысты оған қол жеткізе алмай келеді. Ал салымшылардан жиналған қаражаттың қайда жұмсалғаны белгісіз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу