Ақтауда құрылыс материалдары бағасының өсуіне байланысты екі мектептің құрылысы тоқтады

576

Құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобаның құны 5 млрд теңгеге дейін өсті.

Ақтауда құрылыс материалдары бағасының өсуіне байланысты екі мектептің құрылысы тоқтады

Ақтау қаласындағы 19а және 18 шағын аудандарда мектептердің құрылысы тоқтап қалды. Бұл құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты болып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

19а шағын ауданда мектеп салуды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталды. Ол кезде 3 млрд теңге жұмсау жоспарланған болатын. Алайда, бір жылдан кейін жұмыс құны 5 млрд теңгеге дейін өсті. 

Қала тұрғындары биліктің бұл шешіміне наразы болып, мектептің қарама-қарсы жағында жеке тұрғын үй кешені салынып жатқанын атап өтті. Олардың айтуынша, мектеп тапшылығы мәселесі шешілмейді. 

"Құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобаның құны 5 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл - құрылыстың аяқталмауының және уақытша тоқтатылуының басты себебі. Егер республикалық бюджеттен қажетті қаражат бөлінсе, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады", - деп түсіндірді Маңғыстау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Махмұд Қалжанов.

Дәл осындай жағдай 18 шағын ауданда да байқалады. 

2022 жылдың қазан айында Маңғыстауда үш жыл ішінде 44 мектеп, оның ішінде Ақтауда - 17 мектеп, Жаңаөзенде - 5, Бейнеу ауданында - 6, Қарақия ауданында - 2, Маңғыстау ауданында - 2 мектеп, Мұнайлы ауданында - 10, Түпқараған ауданында - 2 мектеп салынатыны хабарланды.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу