Ақтауда құтыру індетінен төрт түлік қырылып жатыр

979

Ақтауда құтыру індетінен төрт түлік қырылып жатыр

Маңғыстау облысында құтыру індетінен төрт түлік қырылып жатыр. Бір ғана Жармыш ауылында қырыққа жуық түйе мен жылқы өлген, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Жергілікті халық әкімдік өкілдерінен жәрдем сұраған. Алайда, құзырлы мекеме сараптама қорытындысын күтіп, уақыт созып жүрген көрінеді. Енді халық індет малдан адамға жұға ма деп алаңдап отыр. 

Аурудың алғашқы белгілерін ауыл тұрғындары өткен жылы қыркүйекте байқаған. Сол кезде 15 түйе мен жылқы өлген екен. Ветеринар мамандар ауруды анықтауға асықпаған соң тұрғындар өздері сараптама жасатады. Сол кезде оң нәтиже берген дейді. Ал өлген малдың саны 40-қа жеткенде, тағы бір сынама жасалған.
"Лабораторияға жіберілді, нәтижесінде құтыру деп келді. Қазір біз аудандық ветстанциямен хабарластық. Олар вакцинаны күтіп отыр. Енді егу жұмысын бастамақ. Дизинфекция жұмыстары жүргізілген. Енді адамға санэпидстанция қарайды ғой, олар өз жұмысын жасап жатыр. Мамандар аумақтағы 12 мыңдай мал басына жеке-жеке вакцина егуді жоспарлап отыр. Мұнан бөлек ауырған малды сойған адамдар да тексеріледі дейді. Әзірге тұрғындар арасынан ауру белгілері анықталмады. Ал, ауылда карантин жарияланған", - дейді Жармыш ауылы әкімдігінің бас маманы Жаманқұл Әлиев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу