Ақтауда қылмыстық топ әшкере болды

583

Бұл туралы ІІМ ақпарат агенттігі хабарлады. 

Ақтауда қылмыстық топ әшкере болды Фото: polisia.kz

Полицейлер Ақтау қаласының “Кораблик” бизнес орталығының артындағы автожолда Toyota Camry автокөлігін тоқтатып, бопсалау фактісіне күдікті 26 жастағы жүргізушісі мен 27 жастағы оның жолаушысын ұстады.

Жәбірленушінің айтуынша, бір топ адамдар оны бірнеше рет ұрлап, ұрып-соғып, атыс қаруын қолданамын деп қорқытып, 500 мың теңге талап еткен, сондай-ақ жәбірленушіге тиесілі автокөлікті алып кеткен.

Полицейлер автокөлікті тінту барысында патрондары бар “ПМ” маркалы жауынгерлік тапаншаны тауып, тәркіледі. Күдіктілердің уақытша тұрғылықты жерін тінту барысында бірінің пәтерінде бірнеше жауынгерлік және травматикалық оқ-дәрілер табылып, тәркіленді. Басқа екі мекенжай бойынша тінту кезінде 25, 26 және 28 жастағы бопсалау дерегіне күдіктілер анықталды. Олардың тұрғылықты жерінен полицейлер тағы бір тапанша, екі мылтық және оларға оқ-дәрілердің едәуір санын тауып, тәркіледі.

Мекенжайлардың бірінен Opel Vectra көлігі табылды. Оны ұсталғандар жәбірленушіден күшпен тартып алғаны белгілі болды.

Бопсалау және қаруды сақтау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер өз әрекеттерін мойындады. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтауға бағытталған қажетті жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу