Ақтауда "қыз алып қашқандар" жазаланды

2816

Полицейлер пранкты "бағалаған" жоқ

Ақтауда "қыз алып қашқандар" жазаланды

Бұған дейін Ақтаудан Жетібай ауылына қыз алып қашқандардың әрекетін түсірген бейнежазба кеңінен танымал болған еді. Кейін оны түсірген жастар бір-бірімен жақсы таныс екенін, қалжыңдамақ болғанын айтып ақталды, деп жазды  inbusiness.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, "қалыңдық" - жергілікті блогер. Ол "алып қашқан" жігіттерге ешқандай реніші жоқ екенін айтып, қолхат жазып береді. Жастар бұрыннан таныс, видеоны қалжың ретінде түсірген. Оның толық нұсқасының соңында мұның "жай ғана пранк" екені айтылады, алайда көпшілікке бейнетүсірілімнің фрагменттері тарап кетіп, шу тудырған. Кейін олар көпшілік арасында түсінбестік тудырғаны үшін кешірім сұрады. 

Дегенмен, полиция көлік жүргізушісінің сақтандыру полисі жоқ екенін, сондай-ақ, қыз-жігіттердің қауіпсіздік белдігін тақпағанын анықтап, әкімшілік айыппұлдар салды.

"Жүргізушіге қатысты ҚР ӘК 593 және 230 баптары, жолаушыларға қатысты 615 бап бойынша хаттамалар толтырылды", - дейді Маңғыстау облыстық полиция департаментінен.   

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу