Ақтауда қызғалдақтары құлап қалған компания енді 3 шырша орнатпақшы

962

Ақтау қаласының әкімдігі жасанды қызғалдақтары құлап қалған компанияға енді жаңа жылдық безендіруді сеніп тапсырмақшы, деп хабарлайды Atameken Business.  

Ақтауда қызғалдақтары құлап қалған компания енді 3 шырша орнатпақшы

Келісім-шарт құны 62 жарым млн теңгеден асады. Ал Қостанай билігі 3 шыршаны безендіруге 10 млн теңге бөлген. Атырау әкімшілігі болса халықтың сынына құлақ асқан сыңайлы. 2018 жылы бюджеттен 65 млн теңге бөліп, елдің ашуын туғызған еді. Ал "биыл жаңа жылдық безендіруге көк тиын да бермедік" дейді.

ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ БЕЗЕНДІРУГЕ 10 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛГЕН

Ал Қостанай әкімдігі мерекелік сән-салтанат үшін 10 млн теңге бөлген. Бұл қаржыға шыршалар орнатумен ғана шектелмек. Сырғанақ пен мұз айдыны карантиндік шектеулерге орай биыл тағы да болмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу