ҚР Ұлттық ұлан "Батыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 6656 әскери бөлімнің әскери қызметшілері Ақтау қаласындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүріп, қызметтік иттің көмегімен жоғалған баланы тапты.
Оқиға 21 қаңтар күні кешкі уақытта орын алған. Ақтау қаласының тұрғыны үйдің ауласында ойнап жүрген 6 жасар баласын табалмай қалып, көшеге қарай жүгіріп баласын іздеп шығады. Осы сәтте 9 – шағын ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген ұландық сарбаздарға болған мән – жайды айтып түсіндіреді. Ұлттық ұлан сарбаздары ақпаратты барлық әскери жасақтарға жеткізіп, іздеу жұмысына кіріседі.
Іздеу жұмысы барысында бала жоғалған аймақтан оның мойын орағыш орамалы табылып, осы орамал арқылы "Марс" атты қызметтік итті іздеу жұмысына қолданады.
Қызметтік итті қолдану арқылы іздеу жұмысы барысында, жоғалған баланы 7- шағын ауданында орналасқан №28 үйдің қасынан тауып, анасына табыстайды.
Айта кету керек, Марс қызметтік іздеу иті Ұлттық ұланда 2018 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол осы уақыт ішінде көптеген жоғалған балдарды тауып, әр түрлі қылмыстарды ашуға көмектескен.