Ақтауда "МАЭК" ЖШС-нің жұмысшылары наразылыққа шықты

519

Мекеме жұмысшылары жалақыларын көтеруді талап етуде.

Ақтауда "МАЭК" ЖШС-нің жұмысшылары наразылыққа шықты Фото: inbusiness.kz

Ақтау қаласы мен оған жақын орналасқан елді мекендерді су, жылу және электр қуатымен қамтамасыз ететін жалғыз монополист мекеме жұмысшылары жалақыларын көтеруді талап етіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Серіктестік әлеуметтік- экономикалық маңызы бар барлық нысандарға да қызмет көрсетеді. Үкіметтің 2022 жылдың қарашасындағы қаулысымен "МАЭК" ЖШС коммуналдық мекемеге айналды. Толықтай сенімгерлік басқару Маңғыстау облысының әкімдігіне берілді. Соған қарамастан мұнда жағдай әлі түзелмеген көрінеді. 

"Өңірдегі ең маңызды кәсіпорында жұмыс істейміз. Бірақ жалақымыз ауыз жарымайды. Қазір облыста бәрі қымбат. Азық-түлік құны 31,5% көтерілді, басқа өнімдер 27,5% қымбаттады. Ал біздің айлығымыз сол күйі тұр. Басшылық жалақы өсіру үшін коммуналдық төлемдердің бағасын көтеру керектігін, кәсіпорын құралдары ескіргенін айтуымен алдарқатып келеді. Бәрімізге белгілі, коммуналдық төлемдер жыл сайын қымбаттап барады. Осы орайда, компанияға тәуелсіз аудиттік тексеріс жасалуын талап етеміз. Қаржылық- шаруашылық бөлімін толық тексеру қажет. Оған қоғам белсенділері мен кәсіподақ өкілдері қатыссын", дейді жұмысшылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу