Ақтауда мас жүргізуші 6 бірдей көлікті қағып кетті

661

Ақтау қаласының 19 шағын ауданында мас көлік жүргізушісі 6 көлікті қақты. Оның бұған дейін көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Ақтауда мас жүргізуші 6 бірдей көлікті қағып кетті

Облыстық полиция департаментінің мәліментінше, жеті көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы 1 қыркүйек күні сағат 01:30 шамасында тіркелді.

Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі мас күйінде, тұрғын үй алдындағы бүйірлік қашықтықты сақтамай, Toyota Prado, Nissan Tiida, Kia Optima сияқты қозғалыссыз тұрған автокөліктермен соқтығысқан. Осыдан кейін кінәлі жүргізуші автомобиль жолына шығып, Honda Odyssey-ге қақтығыс жасады. Кедергі туындаған кезде жылдамдықты төмендету бойынша шаралар қолданбай Toyota Land Cruiser және Toyota Camry автокөліктерімен соқтығысқан.

Жол апаттарынан зардап шеккендер жоқ. Ер адам әкімшілік соттың шешімімен Ақтау полиция басқармасының арнайы қабылдау орнына 20 тәулікке қамалды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі бойынша хаттама жасалды.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу