Ақтауда мектеп оқушылары химиялық заттан уланып қалды

667

Ақтау қаласындағы №7 мектеп-лицей оқушыларынан улану белгілері байқалған. Ата-аналар бұл жағдай дезинфекциялық химиялық препараттың салдары болуы мүмкін деп отыр. Өйткені сабақтан үйге ауырып келген балалардың көзі қызарып, жөтел пайда болған, деп жазады inbusiness.kz.

Ақтауда мектеп оқушылары химиялық заттан уланып қалды

Дәл осындай белгілер көрші сыныптағы оқушыларда да байқалған.

Қала тұрғыны Елена Стазаеваның айтуынша, баласын жедел түрде дәрігерге көрсетіп, тиісті талдауларды жасатқан. Дәрігер "химиялық улану" деген диагноз қойды.

Ал мектеп директоры болса, білім ордасындағы залалсыздандыру шараларына рұқсат етілген дезинфекциялық құралдар ғана қолданылатынын жеткізді. Соған қарамастан эпидемиолог мамандар тексеру жүргізетін болады.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу