Polisia.kz мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында 29 шағын аудандағы жолдардың бірінде мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері жоқ, автокөлік құралын басқару кезінде қауіпсіздік белдігін қолданбаған жүргізушілер бірден көзге түскен.
"Осылайша, Toyota RAV4, Hyundai Tucson автокөліктерінің жүргізушілеріне ҚР ӘҚБтК-тің 590-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттамалар жасақталды. Ал көлік құралының артқы орындығындағы жолаушылардың қауіпсіздігіне немқұрайлылық танытып, құқық бұзушылыққа жол берген жүргізушілер әкімшілік кодекстің 593-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады polisia.kz.