Ақтауда мектептен қандала шықты

401

Мектеп әкімшілігі залалсыздандыру  жұмыстарын жүргізбек.  

Ақтауда мектептен қандала шықты Фото: Tumba.kz

Ақтау қаласында №10 орта мектеп оқушыларының ата-аналары білім ошағында қандала пайда болды деп шағымданды. Бірақ мектеп басшылығы ата-аналардың арызын жоққа шығарды.

Бұған қарамастан мектеп әкімшілігі залалсыздандыру жүргізу үшін санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жүгінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

№10 орта мектеп оқушыларының ата-аналарының басты бас ауруына айналған мәселесі – жәндіктердің балаларды сабақ кезінде шағуы. Мұндай ақпарат әлеуметтік желілерде тарап жатыр.

“Көптеген оқушыны шағып тастаған. Бірінші сынып оқушысының қалтасынан қандала табылды. Ал мектеп директоры керісінше, қандала жоқ деп дес берер емес. Кейін сөзінен танып, қазірдің өзінде дезинфекция болғанын және бәрі тазаланғанын айта бастады, бірақ жағдай өзгермеген. Балаларды жәндіктер әлі де талап жатыр. Біз мектепте барлық қабаттар бойынша қалыпты залалсыздандыру шарасын жүргізуді және директорды ауыстыруды талап етеміз”, - дейді ата-аналардың бірі.

Бұл жағдайға Ақтау қаласының білім бөлімі түсініктеме берді.

“Ата-аналардың мектепте қандаланы анықтауға қатысты сұрауына жауап ретінде мынаны хабарлаймыз. Ғимаратқа мұқият тексеру, сондай-ақ оқытушылармен әңгіме жүргізілді. Жәндіктердің шағуы жағдайлары анықталмаған. Мектепте тұрақты профилактикалық дезинфекциялық іс-шаралар уақытында өткізіледі. Соңғысы 3 қарашада, екінші тоқсанның басталуына дейін өтті. Алайда ата-аналардың алаңдаушылығын ескере отырып, мектеп басшылығы қосымша дезинфекция жүргізу туралы өтінішпен санитарлық - эпидемиологиялық қызметке жүгіну туралы шешім қабылдады”,- деп хабарлады Ақтау қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу