Ақтауда мемлекеттік грант иегері жиһаз цехын ашты

518

Ақтаулық Тұрсынай Мұханова 2022 жылы мемлекеттен 400 АЕК көлемінде грант жеңіп, жиһаз цехын ашқан. 

Ақтауда мемлекеттік грант иегері жиһаз цехын ашты Фото: inbusiness.kz

Қазіргі таңда жеке кәсіпкер тапсырысқа жиһаз дайындайды. Ол 2020 жылы "Бастау бизнес" кәсіпкерлікті дамыту курстарын аяқтап, 2022 жылы сәуір айында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған грантқа өтінім берген.

Ал 2022 жылы "Жиһаз өндіру цехы" тақырыбында бизнес-жобасын қорғап, комиссия мүшелерінің шешімі негізінде грант ұтып алды.

“Грант қаражатына кәсібіме қажетті өндірістік кескіш станок және т.б. қажетті құрал-жабдықтарды алып, жолдасыммен бірге кәсібімізді жүргізіп отырмыз. Тапсырыстарымыз көп, жақсы дамып келеді. Мемлекетке осындай мүмкіндік үшін алғысымды білдіремін”,- дейді Тұрсынай Мұханова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу