Ақтау қаласының тұрғыны мотоциклді ұрлау дерегі бойынша полицияға арызданды, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Белгісіз адам 12-шағын аудандағы үйлердің бірінің алдында тұрған қара түсті CFmoto nk 150 мотоциклін ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынның көлемі – 300 мың теңге.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 21 жастағы күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады. Ұрлық жасады деген күдікке ілінген азаматтан мотоцикл тәркіленді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-да тіркелді.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.