Ақтауда мотор майы сатылатын дүкен екінші рет тоналды

1225

Сейф бұзылып, 1 миллион 890 мың теңге ұрланған.

Ақтауда мотор майы сатылатын дүкен екінші рет тоналды

Mobil 1 мотор майын сататын дүкенге ұры түскен. Белгісіз адамдар сейфтен екі миллион теңге ақшаны алып кеткен. Бұл туралы сауда орнының директоры мәлім етті, деп хабарлайды Lada.kz.

Қаскүнемдер түнде дүкенге шатыр арқылы кірген. Ұрлықшы екі адам дүкенде шамамен бір сағатқа жуық болған.
"Сейф бұзылып, бір миллион 890 мың теңге ұрланған. Ақшаны кешке қарай банкке апаруым керек болатын, бірақ үлгермей қалдым. Осыған дейін дүкеннің шатырын ауыстырғанбыз. Шатыр ауыстырған жұмыскерлерді таптым, олардан полиция қызметкерлері жауап алып жатыр. Ұрлық жасаған адамдар әзірге табылған жоқ. Бейне бақылау камерасы жігіт пен қыз болғанын көрсетіп отыр. Полиция ұрлық бабы бойынша қылмыстық іс қозғады", - деді дүкен директоры Сергей Двойных. 

Бұл Mobil 1 дүкенінде орын алған екінші ұрлық. Былтырғы жылдың ақпанында белгісіз адамдар дүкенге басып кіріп 276 мың теңгені ұрлап кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу