Ақтауда мұралдар пайда болды

1015

Барлығы он тұлғаның суреті салынбақ.

Ақтауда мұралдар пайда болды

Ақтау қаласында көп қабатты тұрғын үйлердің қабырғасында елдің мақтанышына айналған тұлғалардың бейнелері салына бастады, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Атап айтқанда, қаладағы 4 ықшамауданда Әбіш Кекілбаевтың, Фариза Оңғасынова мен Есенғали Раушановтың мұралдары бейнеленді. Ал "Мәңгілік алау" ескерткішіне қарама-қарсы орналасқан үйлерге Ұлы Отан соғысында шайқасқан батыр қыздар – Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова мен Хиуаз Доспанованың суреттері салынуда.

"Жалпы қаладағы 10 үйдің сыртқы қабырғасында мұрал пайда болады. 
Бұл жұмыстарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Ел игілігі үшін" жобасы аясында Ақтау қаласының әкімдігі жүзеге асыруда", - деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлмира Әбішева.

Белгілі болғандай, мұралдарды Қазақстанның бірқатар қалаларында осындай сурет туындыларын салған тәжірибелі суретшілер тобы жүзеге асыруда, олардың әрбірін салып шығуға 3-4 күн уақыт жұмсалады. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу