Ақтауда нан мен сүт өндірісі дамып келеді

840

Өңірдегі ірі нан комбинаттарының бірі- "Мағаш нан".  Соңғы үлгідегі технологиялық желілердің көмегімен кәсіпорын 200-ден астам өнім түрін нарыққа шығарады.  

Ақтауда нан мен сүт өндірісі дамып келеді  Фото: inbusiness.kz

240 адам еңбек ететін ұжымда ұннан дайындалатын кондитерлік, нан және макарон өнімдері өндіріледі,- деп хабарлайды inbisness.kz тілшісі. 

"Барлық өнімдер осы зауытта жасалады. Сонымен қоса біздер халықты әлеуметтік нанмен қамтып отырмыз. Өнім бағасы қолжетімді болғанымен, сапасы жоғары. Бізде ХАССП жүйесі бойынша технологиялық үдерістердің сапасы, яғни азық-түлік өнімінің қауіпсіздігі бақыланады",- деді зауыт директоры Мағауия Сауғабаев.

Ал, Ақтаудағы "Ақ-Нек" зауыты тәулігіне 25 тонна сүт өнімін шығарады. 2007 жылы іргетасы қаланған "Ақ-Нек" сүт зауыты "Берекет-Ф" ЖШС-не қарасты кәсіпорын. Онда пастерленген сүт, құрт, айран, сүзбе, қатық, ірімшік, майлылық деңгейі әртүрлі қаймақтар өндіретін зауыт. Сүт зауытының өндірістік қуаты жыл өткен сайын артып, тауар түрлерінің аясы кеңіп келеді. "Отандық тауар өндірушілерді қолдау ел экономикасының ілгерлеуіне сеп болмақ. Жергілікті өндірушілер тарапынан тың идеялар мен ұтымды ұсыныстар келіп түссе, бірлесе жүзеге асыруға қарсы емеспіз. Жергілікті тауар өндірушілердің іскерлік бастамаларын қолдау нәтижесінде өңір экономикасын өрістету арқылы жерлестерімізді жұмыспен қамтуға қолдау көрсетумен қатар, өзімізге таңсық емес табиғи таза өнімді тұтынуға мүмкіндік аламыз. Өндіруші жайлы мағлұматқа ие болғандықтан, өнім сапасына сенім қалыптасады, ал өндірушілер тұтынушыларға түрлі жеңілдіктермен қоса сұранысына сай ерекше өнімдерді ұсына алады",-деп атап өтті Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу