Ақтауда #NauryzSale акциясы аясында жәрмеңкелер өтуде

146

Ақтау қаласындағы №57, №62, №66, №242, №247, №251 және №263 сайлау учаскелерінде #NauryzSale акциясы аясында ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарының жәрмеңкелері ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ақтауда #NauryzSale акциясы аясында жәрмеңкелер өтуде Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Жәрмеңкеде тұрғындарға қазақы сүт өнімдері – шұбат, айран, қаймақ, сондай-ақ табиғи бал, үй пісірмелері мен түрлі тәтті тағамдар ұсынылуда.

Сонымен қатар, жергілікті қолөнершілердің ұлттық нақыштағы бұйымдары, кәдесыйлар, әшекейлер және тұрмыстық қолөнер заттары көпшілік назарына қойылған.

Шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары отандық өнімдермен танысып, қолөнер шеберлерінің еңбегін тамашалауда.

Мұндай бастамалар ұлттық дәстүрді дәріптеп, жергілікті кәсіпкерлер мен қолөнершілерді қолдауға мүмкіндік береді.

Жәрмеңкеге келген тұрғындар ұлттық тағамдардан дәм татып, қолөнер бұйымдарын сатып алып, мерекелік атмосфераны сезінуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу