Ақтауда нөсерден соң көшелерді су басты

560

Ақтауда нөсер жаңбырдан бірнеше көшені су басып қалды. Көліктердің жүріп-тұруы қиындап, жолаушылар діттеген жеріне жете алмай әлек, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ақтауда нөсерден соң көшелерді су басты

Ауа райының қолайсыздығын пайдаланған көлік жүргізушілері такси құнын екі есе қымбаттатып жіберген.

Жауын-шашынның салдарын жоюға "Қала жолдары" МКК кірісті. Ақтауда көшелерден су сору жұмыстары үшін 60 адам және 17 бірлік арнайы техника, оның ішінде  8 мотопомпом, 1 бойлер және 8 Газель мен мобильді бригадалар жұмылдырылды. Таңғы сағат 7-де дейін 317 текше метр су сорылды. Қала тұрғындары шағын аудандарда су айдау туралы өтінішін жеткізу үшін Ақтау қалалық әкімдігі арнайы желіні іске қосты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу