Жыл соңына дейін Ақтаудағы 8 ойын және спорт алаңдары бастан-аяқ қалпына келтіріледі, деп хабарлайды 24.kz.
Олар қолданысқа берілгеннен бері күрделі жөндеу көрмеген. Осы мақсатқа қала қазынасынан 58 млн теңгеден аса қаржы бөлінді. Шаһардың жоғары бөлігіндегі екі алаңды жаңартып, жарақат алудан қорғайтын жабынды төсеу жұмыстары аяқталып тұр. Құрылысқа 15 млн теңге жұмсалған.
Жалпы, қала аумағындағы 205 ойын және 85 спорт алаңы жөнделеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу