Ақтауда әскерде жүрген тағы бір сарбаз қайтыс болды

456

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығулар кезінде мерзімді қызметтегі сарбаздың бетіне оқ тиген.

Ақтауда әскерде жүрген тағы бір сарбаз қайтыс болды Фото: canva.com

Ол ауруханаға жетпей көз жұмған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтау гарнизоны таратқан мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 7 қыркүйекте "Оймаша" полигонында орын алған.

Ол жерде "Батыс" аймақтық қолбасшылығының құрылымдары оқу-жаттығулар өткізген.

"Қару-жарақты қолдану ережелерін бұзу салдарынан мерзімді қызметтегі сарбаз ауыр жарақат алып, қайтыс болды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – делінген ресми хабарламада.

Адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбай отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу