"Жақын арада 17 шағын ауданда салынып жатқан оқушылар сарайын пайдалануға беру жоспарлануда. Құрылысты NCOC компаниясы қаржыландырды. 2021 жылы әкімдік сарайға ауданы шамамен үш гектарды құрайтынын жер бөлді. Оқушылар сарайы күніне 1000-ға жуық баланы қабылдай алады",- дейді қала әкімі.
Бірінші қабатта қысқы бақ, компьютерлік сынып, көркемсурет кабинеті, фото және видео шеберханалар, хореографиялық және музыкалық сыныптар, көрме залы, дыбыс жазу студиялары мен демалыс террассалары, сондай-ақ буфет болады.
Екінші қабатта 700 адамға арналған акт залы, көрме залдары, театр өнеріне арналған залдар, әкімшілік үй-жайлар, кітапхана болады. Үшінші қабатта: шағын обсерватория, ғылыми мұражай, робототехника бөлмелері, эксперименттік бөлмелер ашылмақ.