Ақтауда оқушылар жаппай төбелес ұйымдастырған

237

Полиция департаменті өкілі жағдайға пікір білдірді. 

Ақтауда оқушылар жаппай төбелес ұйымдастырған Фото: видео скриншот

Ақтауда оқушылар жаппай төбелес ұйымдастырып, бір-біріне тас лақтырған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты lada.kz-ке сілтеме жасап.

Кадрларда мектеп формасын киген балалар бір-біріне тас лақтырып, шабуыл жасауға тырысатыны көрінеді.

"Ақтаудағы дарынды балалар көшеде тас лақтырып, жаппай төбелес ұйымдастырды", - деп жазды видео авторы.

Полиция бұл оқиғадан хабардар екенін, оған қатысқан барлық адам анықталғанын айтты.

"Төбелеске қатысушылар Ақтау қаласының полиция басқармасына жеткізілді. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу