Ақтауда өндірістік аумақта орналасқан мұнарадан өрт шығып, қалаға қою қара түтін тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, анықталған жағдай бойынша жалын іске жарамсыз мұнарадан шыққан.
"Бүгін сағат 11-55-те Ақтаудағы 5-ші өңдірістік аймақта индустриаландыру Маңғыстау паркі аумағында биіктігі 63 метрді құрайтын іске жарамсыз мұнараның ішіндегі мұнай химиялық қалдықтар жанып кетті. Өрттің ауданы 100 шаршы метрге дейін жеткен. Қазіргі уақытта ТЖД өрт болған жерге 6 арнайы техника жұмылдырып, апаттың себебі анықталып жатыр, - делінген ТЖД хабарламасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу